Баймағамбетов Ілияс Алшымбайұлы
1961 жылы 29 қарашада Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
Қызылорда қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы институтын1983 жылы "франциз тілі" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылы Сарысу совхозында қарапайым жұмысшысы болып бастаған.
1983-1989 жылдары Сарысу ауданы Ұйым ауылындағы Ұйым орта мектебінде мұғалім,
1989-1992 жылдары Сарысу аудандық Советі атқару комитетінде нұсқаушы, 1992-1993 жылдар аралығында Ж. Отарбаев атындағы орта мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Сарысу аудандық білім бөлімінде бас маман болып жұмыстар атқарды. 1993-1996 жылдары Сарысу ауданы әкімдігі аппаратында бас маман, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі, 1996-2001 жылдары Байқадам атындағы орта мектебінің директоры, 2001-2006 жылдары Әйтеке би атындағы орта мектебінің директоры болып қызметін атқарды. 2006-2010 жылдары Байқадам ауылдық аймағының әкімі, 2010 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшы қызметін атқаруда.