top of page
Баймагамбетов.jpg

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша

  Аудандық полиция бөлімінде 1 оқушы есепке алынған (1 ұл бала). 15 қазан күні М.Әуезов мг 6 сынып оқушысы «Қараусыз және қадағалаусыз» санаттары бойынша есепке алынды. Аудандық полиция бөліміне тіркелген оқушыға мектептен тәлімгерлер бекітіліп, күнделікті сабаққа қатысуы бақылауға алынған.

(2022-2023 оқу жылында 1 оқушы (1 ұл) есепке тіркелген.

  Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыз №61 бұйрығына сәйкес 9 оқушы (2 ұл, 7 қыз) мектепішілік есепке алынған. Мектепішілік есепке алынған оқушылар білім беру ұйымдарының Жарғысының талаптарын бұзу және орындамау, қараусыз және қадағалаусыз жүргені үшін алынды.

Аудандық полиция бөлімінің базасында «Ата-ананың баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамайтын» санаты бойынша 2 отбасында 10 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде (2 ұл, 8 қыз бала. Абылай хан атындағы мл 5 оқушы, Абай атындағы мектеп жанындағы интернатта 5 оқушы)

  Медициналық-әлеуметтік есепке (тізімдік есепке) полиция бөлімдерінде есепте тұрған 1 оқушы, мектепішілік есепте тұрған 9 оқушы, «Ата-ананың баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамайтын» санаты бойынша есепке алынған отбасыларында тәрбиеленіп жатқан 10 бала және сенім хатпен оқитын 151 бала медициналық-әлеуметтік есепке алынды. Барлығы 171 оқушы.

 

Өгей әке, өгей шеше, сенім хат

  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында 151 сенім хатпен тәрбиеленіп жатқан балалар анықталды.

  Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес, барлық сенім хатпен оқитын оқушыларды анықтап, ата-аналарына қайтару үшін заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілсін делінген. Хаттамалық тапсырмаға сәйкес,  түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 65 отбасыдан 118 бала заңды өкілдеріне қайтарылды.

2023-2024 оқу жылында 58 өгей әке, өгей шешемен тұратын балалар анықталды. (ұлы – 22, қызы – 36)

Сілтемелер
Без названия (1).jpg
gerb_zho.png
Без названия.jpg
images.jpg
bottom of page