top of page
Баймагамбетов.jpg

Әдістемелік іс-шаралар

2022-2023 оқу жылында Әдістемелік кабинет тарапынан семинар –практикум- 12, дөңгелек үстел- 5, коучингтер-8, шеберлік сыныптар-7, әдістемелік десанттар- 5, форум-1, вебинарлар- 18 рет , өтілді.

Оқушылар жетістігі: Жалпы білім беретін пәндер бойынша  Республикалық олимпиадасы бойынша- 2 оқушы құқық, география пәндерінен ІІ,ІІІ орын алды ( Сарысу,Ш.Уалиханов мг) облыстан барлығы 17 оқушы орын алды. «Зерде»  байқауынан республика-1 оқушы ІІІ орын (Жаңаталап ом),облыстан 10 оқушы жүлделі орын алды. Жаратылыстану бағыты бойынша 5-6 сынып оқушылар арасында пән олимпиадасынан облыстық 10 орын, ІІ-2 орын, ІІІ орын-8 оқушы. «Экологиялық пирамида» ғылыми жоба байқауынан облыстық 2 орын,ІІ-1 орын, ІІІ-1 орын. Облыстық «Яссауитану» байқауы ІІ-1 орын,ІІІ-1 орын, «Эко-күнтізбе» айдары бойынша 8-10 сынып оқушыларына арналған облыстық  «Эко-юрист» болашақ экологтар байқауы бойынша ІІ-2 орын. 9-10 сынып оқушыларына арналған «Менің кіші Отаным» конкурсынан облыстық ІІІ-3 орын, Шешендік өнер және музыкалық суырып салма өнері бойынша республикалық «Ақберен» конкурсы облыстық ІІІ-1 оқушы. Дарынды математик- облыстан ІІІ орын-1 оқушы.. 8-11 сынып оқушылар арасында математика және тілдер байқауы 1 оқушы І орын. «Үздік ғылыми жоба» байқауынан ІІІ орынмен 4 оқушы, «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) » байқауынан ІІІ орынмен 4 оқушы, Республикалық «Атадан қалған мұрамыз» байқауынан бас жүлде және І оынмен, «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауынан облыстан 4 оқушы марапатталды.

География пәнінен білім алушылардың білім беру жетістіктеріне мониторинг жүргізудегі бақылау тапсырмаларын орындаудың тиімді жолдары"тақырыбында семинар-практикум

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 1 қараша  күні география пәнінің мұғалімдерімен " География пәнінен білім алушылардың білім беру жетістіктеріне мониторинг жүргізудегі бақылау тапсырмаларын орындаудың тиімді жолдары"тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
       Семинар барысында Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің тарих, география пәнінің әдіскері Куленова Гульмира Турсынбаевна пән мұғалімдеріне бүгінгі семинарда  биылғы 2023-2024 оқу жылында аудан бойынша 4 мектеп Д.Қонаев атындағы орта мектебі, Түгіскен орта мектебі, Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебі, Абылайхан атындағы мектеп лицейі Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингіне түсті. ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізілетінін түсіндіріп айтып өтті.
ББЖМ ға оқушыларды дайындау барысында тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдарын М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясының география пәнінің мұғалімі Сүйгенбаева Гулмариям өзінің іс тәжиірбесімен бөлісіп, мұғалімдерге келген тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға қандай тапсырмалар  беру керектігін талдап түсіндіріп берді. Семинардың ұйымдастырылу барысына мұғалімдер алғыстарын білдірді.

Изображение WhatsApp 2023-11-10 в 12.04.35_7694ac3c.jpg

География  пәнінің мұғалімдеріне Lesson Study әдісі оқыту тәжірибесін жақсарту тәсілі ретінде (Подход Lesson Study, как способ улучшения практики преподавания) тақырыбындағы аудандық семинар

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 21 сәуір  күні география  пәнінің мұғалімдеріне Lesson Study әдісі оқыту тәжірибесін жақсарту тәсілі ретінде (Подход Lesson Study, как способ улучшения практики преподавания) тақырыбындағы аудандық семинар (қазақ,орыс тілінде) өткізілді . Тақырып бойынша Ш.Уалиханов мектеп гимназиясының география пәнінің мұғалімі Дусенбина Қаракөз Дулатбаевна өзінің іс тәжиірбесімен бөлісті. Lesson Study-мұғалім тәжиірбесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше ұлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады.Мектепте жасаған жоспарымен ондағы деңгейлеп алынған оқушылармен жұмыс нәтижесін көрсетті. Сонымен бірге география пәнінің мұғалімі Карлисон Анна Владимировна Lesson Study әдісі оқыту тәжірибесіне алынған 9 «Г» сыныбына «Қазақстан шаруашылық салалары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында  сабаққа қатысып отырған бақылаушылар деңгейге бөлінген оқушылардың іс-әрекетін бақылап бағалап отырды. Сабақ соңында "Оқушының дауысы" - оқушылардың сабақтан кейінгі сұхбаты, Оқушыларды бақылаған мұғалімдердің сабақ нәтижелерін талқылауы жүргізілді. Семинар соңында мұғалімдер бүгінгі семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз алғыстарын білдірді.

Изображение WhatsApp 2023-11-10 в 14.06.48_89831a26.jpg

«Тарих сабағында заманауи әдістерді тиімді қолдану» тақырыбында семинар

Сарысу ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың м26 қазан күні Б.Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің базасында тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Тарих сабағында заманауи әдістерді тиімді қолдану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты : Тарих  сабағында мұғалімдердің білімін,  іскерлігі мен дағдысын,  шығармашылығын,  кәсіби деңгейін жетілдіруде оқытудың   жаңаша әдіс- тәсілдерін қолданудың тиімділігін көрсету.
    Семинар барысында Тарих пәнінің әдіскері Г.Куленова бүгінгі семинардың мақсат, міндеттерін айта отырып бүгінгі семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. М.Әуезов мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімдерінің бірлестік жетекшісі  Жанбекова Назира Шаттық шеңбері «Додекаэдр» әдісі арқылы семинарға қатысушыларды  сергіту сәтінен бастады және мұғалімдерді үш топқа бөліп алды. Жалпы сабақта пайдаланатын әдіс тәсілдерге тоқталып өтті. Сонымен қатар Түсіпбаев Батыр,Қосбаев Нүркен, Нөгербекова Ақмарал апайлар бүгінгі тақырыпқа сәйкес, өздерінің күнделікті сабақта пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, мұғалімдердің қатысуымен тәжиірбе алмасып отырды.  Сабақтың мақсатынан бастап, үй тапсырмасын оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып қалай сұрауға болады, жаңа сабақты түсіндіру барысында пайдаланған әдіс тәсілдері, сабақты қалай қорытындылауға болады?  барлық сабақтың барысы қамтылды. Семинар соңында семинарға қатысушыларға «Менталды карта» әдісі арқылы өздерінің күнделікті сабақтарына қандай әдіс тәсілдер пайдаланып жүргендерін арнайы берілген плакатқа жазу арқылы бөлісіп, топ жетекшілері түсіндіріп өтті. Семинарға қатысқан мұғалімдер бүгінгі семинардың ұйымдастырылғанына рақмет айтып, тілек,ұсыныстарын білдірді.

Изображение WhatsApp 2023-11-10 в 12.20.01_ccca6c21.jpg
Изображение WhatsApp 2023-11-10 в 12.20.01_77b2c4ca.jpg

«Оқушыларды PISA,ICILS халықаралық зерттеулеріне дайындау» тақырыбында семинар өткізілді

Сарысу ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 2 қараша күні Шоқан Уалиханов мектеп-гимназиясында математика, физика, информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды PISA,ICILS халықаралық зерттеулеріне дайындау» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты : математика, физика және информатика бірлестігіндегі мұғалімдерге әдістемелік көмек пен қолдау көрсету.

Семинарда «ҰБТ-ның 2023-2024 оқу жылындағы өзгерістері», «Оқушыларды PISA,ICILS халықаралық зерттеулеріне дайындау», «Олимпиадалық есептердің шығарылу жолдары» және «ББЖМ-ге дайындауды ұйымдастырудағы жүйелі тәсілдер» тақырыбы талқыланды.

2 ноября 2023 года методическим кабинетом Сарысуского района Жамбылской области на базе школы-гимназии имени Шокана Уалиханова был организован и проведен районный семинар на тему «Подготовка учащихся к международным исследованиям . “Цель семинара : оказание методической помощи учителям математики, физики и информатики .На семинаре были рассмотрены вопросы по подготовке учащихся к международным исследованиям РISA, ICILS,а также были обсуждены изменения и дополнения по сдаче ЕНТ 2023-2024 года ,был представлен практикум по решению задач для подготовки к предметной олимпиаде по математике и рассмотрен вопрос по подготовке учащихся к МОДО.

396970714_3548152692167896_3015188157482538458_n.jpg
396944356_3548152738834558_7387300924047382574_n.jpg
396988068_3548152728834559_3507498440350370993_n.jpg

Сарысу ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинеттің іс-шара жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 13 қазан күні Әйтеке би атындағы орта мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Оспанова мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен «Оқу үдерісіне инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

М.Оспанова өз сөзінде отандық үздік педагогикалық технологияларды енгізген тұлғаларға тоқталды.

Сонымен қатар, Н.А.Оразахынованың «Сатылап кешенді оқыту технологиясы» бойынша мақсат, міндеттері, ерекшеліктері, деңгейлері мен тәжірибе алаңының жұмыс кезеңдерімен таныстырды.

Мектеп оқытудың тиімді технологияларын таңдап, бірыңғай жұмыс жүргізу керектігін айтып өтті.

2020 жылы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдалған Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың - 175 жылдығына , Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл–Фарабидің 1150 жылдығына орай жазушы Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романдары таңдалған болатын : ұлттық әдебиеттің ең үздік туындысын оқу және насихаттау мақсатында «Коворкинг» орталығында Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Абай жолы –ұлы жол» атты оқырмандар конференциясы өтті. Іс-шараның мақсаты: М.О.Әуезовтың «Абай жолы» роман- эпопеясы туралы толық мағлұмат беріп , жазылу тарихын таныстыру, Абайды танып білу.Абай заманындағы қазақ даласындағы өмірдің мәнін ұғындыру. «Абай жолы» 1- кітабын аудандық орталық кітапхана қызметкерлері таныстырып, Абайдың дүниеге келуін бейнебаян арқылы таныстырып, кітапхана қызметкерлері Р.Тажиева, Л.Рахымбаева - әр бөлімін біріне- бірін жалғап, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан жатқан Абай жолы мен Құнанбай образын ,сол кездері белең алған әділетсіздіктерді суреттеп жеткізе білді. Еріктілер тобының мүшесі Ж.Рзақов Барлас жырларынан үзінді оқып, Абай мен Тоғжанның соңғы кездесуінен көрініс көрсетті. 2 кітабына М.Әуезов мектеп гимназиясысының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Ә.Иманқұлова,Ұ.Түлебаева, М.Отарбаева, кітапханашысы Б.Сапиеваның жетекшілігімен кітап мазмұны толықтырылып , Құнанбайдың қажылыққа баруы, Абай мен Ербол Байшораның Бекей ауылында Әйгерімді (Шүкіманды) кездестіріп, Әйгерімге құда түсуін ,Абай достарымен аңға шығып, жолдан адасып кетіп Найман ауылында ғашығы Тоғжанды кездестіруі 6-10-11 сынып оқушыларының сахналауымен керемет көрініс тапты. 3-кітабын Ш.Уалиханов мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнәнің мұғалімі Ж.Закарияева, кітапханашы А.Дәуірбаева Еңлік-Кебекті жазуға Шұбар мен Дәрмен таласуы,Әбіштің оқудан қайтуы, Оразбай мен Оспан екеуінің арасындағы қақтығыс ,Оспанның қайтыс болуы ,малының бөліске түсуін көрініс арқылы көрсетіп, талдап айтып берсе 4-кітабын Абылайхан мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Базарбаева мен кітапханашы Қ.Бекееваның ұйымдастыруымен 8 сынып оқушылары Н.Сайлауов, А.Маратбек, Э.Сейдіш, М.Зарлыхан, Д.Жандәулет Қалада оба ауруының тарай бастауы, Сармолла халфе өлтірілуі, Дәрмен мен Мәкен қашып, тарамдағы шайқас туралы нақышына келтіріп баяндап берді. Конференцияның құрметті қонақтары Сарысу ауданының төбебиі Қ.Жандарбек, Зерттеуші филология ғылымдарының кандидаты ,билер кеңесінің мүшесі Қ.Мәмбетов,Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Орынбаев,мүшелері Сарысу ауданының құрметті ардагері Ж.Шәдіұлы,Сарысу ауданының Құрметті азаматы ,еңбек ардагері П.Райымбеков қатысып М.Әуезовтың романды жазудағы шеберлігін суреттей келе , туған елімізді, жерімізді, тілімізді өліп-өшіп сүйіп өтуде Абай жолынан, Әуезов жолынан айнымайық! Ұлы Абай шығармаларынан қазақ баласының салауатты тәрбие алып, ұлттық өсіп-өнуіне қажетті көптеген өсиет табуға болатындығын жалпы шығарма, адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелейтіндігін айтып өтті. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорының міндетін уақытша атқарушы Айтбала Абухасқызы мен Аудан әкімдігі білім бөлімінің кітап қоры жөніндегі әдіскері Райса Жұмаділдақызы қортындылап ,іс-шараның өтуіне атсалысқан қатысушыларды марапаттады. Шараға аудандық кітапханалар жүйесінің қызметкерлері ,мектеп кітапханашылары мен ұстаздары ,кітапхана оқырмандары қатысып белсенділік танытты.

84405179_112984876924271_405553203900317
84718533_112984703590955_278730917810274
83955133_112984896924269_541222317313753

"9-сыныатардың қорытынды аттестаттауын бағалау, ұйымдастыру жəне өткізу ерекшеліктері" тақырыбында аудандағы қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімдері арасында оқыту семинары өтті. Семинарда Білім бөлімінің əдіскері Есенбекова Ғалия Қойшыбайқызы қорытынды аттестаттау емтихандарының ерекшеліктерін толық түсіндіріп берді.

85221093_2488160658167110_89994820961582
84490228_2488160668167109_37392188774526
84219813_2488160728167103_17989731223810

«Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы

 

    Әйтеке би атындағы орта мектепте 27 қаңтар мен 07 ақпан күндері аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы болып өтті.
   Жоспар бойынша 27-31 қаңтар күндері аралығында оқушылар арасында «Қауіпсіз мектеп автобусы» тақырыбында сурет байқауы болып, оған оқушылар жолдардағы көлік және адам қозғалыстары жайлы өздерінің суреттерін салып, өткізді. 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Жол қозғалысы мен жолдағы мұқияттылыққа үйрету» бойынша флешмоб өткізілді. 04 ақпан күні ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция қызметкері Хасанов Дәулеттің қатысуымен оқушыларға «Жол қозғалысы» жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
   Мектептегі апталық жиында әлеуметтік педагог Ж.Абилова оқушыларға көшеде, жолда, мектепте, үйде қауіпсіз жүріп-тұруды түсіндіріп өтіп, сынып жетекшілер тақырыпқа байланысты сынып сағаттарын өтті. Мектепте «Жол қауіпсіздігі» бұрышы ашылып, балаларға таныстырылып өтті.

84695493_196722698114331_413241751987919
84902101_196722594781008_648771365441739
85082171_196722684780999_173187279248110

2020 жылдың 1 ақпан күні Б.Адамбаев том базасында "Білім сапасын арттыруда критериалды бағалаудың тиімділігі" тақырыбында семинар-практикум химия-биология пәні мұғалімлері арасында өткізілді.

84331660_2484833915166451_29288903741286
84517935_2484833851833124_23285305941342
84324911_2484833861833123_64223350953019

   Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім беру мектептерінің оқушыларының арасында 2020 жылдың 12 ақпанында С.Сейфуллин атындағы орта мектептің базасында аудандық «KazRoboSport-2020» чемпионаты өткізілді. Аталған чемпионатқа 14 мектептен 29 оқушы қатысып, «Сызық бойымен жарыс», «Кегельринг-квадро», «Робосумо» санаттары бойынша оқушылар өз жобаларын көрсетіп, 12 оқушы жүлделі орындарды иеленді.

85231281_2490906617892514_59149257176273

Аудандық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасына аудан мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасында 68 оқушы қатысты. Оның 23-і І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді. Алдағы уақытта 5 оқушы облыстық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасына қатысып, бақтарын сынайтын болады.

2020 жылдың 15 ақпан күні Шохан Уалиханов мектеп гимназиясының базасында биология пәні мұғалімдеріне арналған «Үштілді білім беру арқылы құзіретті тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді. Аудан мектептерінен 36-биология пәні мұғалімдері қатысты.

86717656_2493483520968157_36383347943638
86794910_2493483570968152_65974662264971

"9-сыныатардың қорытынды аттестаттауын бағалау, ұйымдастыру жəне өткізу ерекшеліктері" тақырыбында білім бөлімінің әдіскерлері  өз-пәндері бойынша мұғалімдер  арасында оқыту семинары өтті. Семинарда білім бөлімінің əдіскері әдіскерлері қорытынды аттестаттау емтихандарының ерекшеліктерін толық түсіндіріп берді.

84490228_2488160668167109_37392188774526

   Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің педагогтар мен оқушылар арасында жүргізілетін дебаттық сайыстардың 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес:

  Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелей отырып, оқушыларды комуникативтік дағдыларға, қоғамдық жағдайларға баға беруге және көшбасшылық қабілеттерін  дамытуға тәрбиелеу мақсатында  8-11 сынып оқушылары арасында «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы»тақырыбында аудандық дебат өткізілді.

PHOTO-2020-02-21-14-48-34 (1).jpg
PHOTO-2020-02-21-14-48-36 (2).jpg

Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес 22.02.2020 оқу жылында «Биология пәнінен оқушыларды ОЖСБ ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар-практикум Шохан Уалиханов мектеп гимназиясының базасында өткізілді. Аудан мектептерінде 38 биология пәні мұғалімдері қатысты. Семинар барысында оқушыларды ОЖСБ ға дайындаудың жолдары және «Биология» пәні бойынша (9-сыныптарды қорытынды аттестаттау үшін) емтихан материалдарын жасау туралы толық түсіндірілді

IMG_4508-25-02-20-02-01.JPG
86794910_2493483570968152_65974662264971
IMG_4514-25-02-20-02-01.JPG
IMG_4513-25-02-20-02-01.JPG
IMG_4505-25-02-20-02-01.JPG

Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі 5 наурыз 2020 жылы Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Мектепішілік бақылау мен басқару- білім сапасын арттырудың басты рөлі» тақырыбында мектеп директорларының орынбасарлары, әдіскерлер, тренерлер, үйлестірушілер, бірлестік жетекшілеріне арналған аудандық семинар-практикум өткізілді

89775103_2512156145767561_21138438921796
88291687_2512156142434228_18612641497664
89778879_2512156359100873_21429237585312
89775103_2512156145767561_21138438921796
Сілтемелер
Без названия (1).jpg
gerb_zho.png
Без названия.jpg
images.jpg
bottom of page