top of page
Баймагамбетов.jpg

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

  Сарысу  ауданында  мектепке дейінгі 24 мекеме бар. Ондағы 11 балабақшада 1468 бала, 13 шағын орталықтарда 423 бала,  барлығы 1891 бала тәрбиеленуде. (қала-1191, ауыл-700). 11 балабақшаның 8 мемлекеттік 3 жекеменшік нысанда. 12 шағын орталық мемлекеттік 1 жекеменшік нысанда.

  Мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен қамту 2-6 жас аралығында - 1891 бала 98,4%, 3-6   жас  100%.

  Кезекте 1-3 жас- 350 бала тұр (Жаңатас қаласында-319, Әшір Бүркітбаев ауылында кезек саны -31), 4-6 жаста кезекте бала жоқ.

  Ата-ана төлемақысының мөлшері қалада 10000 теңге, ауылда 8000 теңге көлемінде. Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны қалада орта есеппен 65118 теңге, ауылда 46189 теңге. (25 орынды Балауса б/б және Ертөстік б/б  82690 теңге)

  Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда («Шапағат», «Инабат», «Саин» «Еңлік»)-750 бала тәрбиеленуде (31,7%) .

  Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтар  саны – 273,

  Оның ішінде: жоғары білімдісі – 209 (75,6 %), арнаулы орта – 64 (24,3 %).                 

  Индикаторлық көрсеткішке сәйкес мектепке дейінгі кәсіптік білімі бар педагогтар үлесі –158 педагог (59 %), кіші қызметкелер саны - 368, барлығы-642 қызметкер жұмыс жасауда.                                                                                                  

  Мектепке дейінгі ұйымдардағы осал отбасының ыстық тамақпен қамтылған бала саны – 200. Оның ішінше жетім-1, көп балалы отбасындағы бала саны – 120, аз қамтамасыз етілген отбасындағы бала саны – 73. Осы бағытта облыстық бюджет есебінен 29 000,0 мың теңге бөлініп отыр.        

Сарысу ауданының мектепке дейінгі ұйымдардағы консультациялық пункт қызметтері туралы ақпарат

Сілтемелер
Без названия (1).jpg
gerb_zho.png
Без названия.jpg
images.jpg
bottom of page